6) бюджеттік жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі мен экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлетті органға республикалық және жергілiктi бюджеттер есебiнен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасауды және табыс етудi көздейдi.
2. Бюджеттік инвестицияларды iске асыру мониторингiн жүзеге асыру шеңберiнде көзделген есептiлiк пен ақпаратты табыс етудiң мерзiмдерi мен нысандарын экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлдi орган белгiлейдi.
3. Бюджеттік инвестициялар мониторингiнiң негiзiнде, сондай-ақ ағымдағы және болжамданған әлеуметтiк-экономикалық және саяси ахуалды ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдарға бюджеттік инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыру жөніндегі шараларды iске асыру жөнiнде ұсыныстарды енгізуге құқылы.
4. Бюджеттік инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыру жөніндегі шаралар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттік инвестицияларды тиiмдi жүзеге асыруға бағытталған нормативтiк құқықтық актiлер мен басқа да шешiмдердi қабылдауын;
2) негiзделген жағдайларда бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруды тоқтатуды және тоқтатып қоюды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қамтиды.
155-бап. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау
1. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырудың мақсаттары бюджеттік инвестицияларды жоспарлау процесiн жетiлдiру және мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады.
2. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалауды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар жүзеге асырады және бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асырудың алынған деректерi мен тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерi мен салдарлары туралы деректердi жинауды көздейдi.
3. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың нақты және жоспарланған шығындарын және күтiлетiн нәтижелерiн салыстыру, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру тиiмдiлiгiне әсер ететiн сыртқы факторларды бағалау арқылы жүзеге асырылады.
4. Инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау инвестициялық жобаларды iске асырудың аяқталуы бойынша, сондай-ақ оны аяқтаудың бiрiншi және бесiншi жылы өтуi бойынша жүзеге асырылады.
Инвестициялық жобалардың тиiмдiлiгiн бағалау оны iске асырудың басынан бастап әрбiр үш жыл сайын, сондай-ақ оны iске асырудың аяқталуы бойынша және оны аяқтағаннан кейiн үш жылдан соң жүзеге асырылады.
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын инвестицияларды бағалау оны жүзеге асырғаннан кейiн үш жыл өткен соң жүзеге асырылады.
5. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдарға бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн деректердi табыс етудi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi тиiсiнше экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар белгiлеген тәртiпте және құрамда жүзеге асырады.
6. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергiлiктi уәкiлеттi органдар табыс етiлген деректердiң негiзiнде бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі есептiлiктi қалыптастырады.
7. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі есептердi:
1) экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органдар жергiлiктi атқарушы уәкiлеттi органдар мен экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға - жыл сайын, есеп беретiн жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi тоқсанында;
2) экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне - жыл сайын, есеп беретiн жылдан кейiнгi жылдың екiншi тоқсанында табыс етедi.
8. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі есеп:
1) бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) техникалық-экономикалық негiздеу немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылған инвестицияларды қаржылық-экономикалық негіздеудi;
2) бюджеттік инвестициялық жобаны (бағдарламаны) iске асырудың қол жеткен нәтижелерi немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылған инвестицияларды қаржылық-экономикалық негiздеудi;
3) бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн ақпарат жинаудың көздерi мен әдiстерiн;
4) бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн ақпаратты өңдеу мен талдау әдiстерiн;
5) бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
6) мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.
9. Бюджеттік инвестициялардың тиiмдiлiгін бағалау жөніндегі есептi жасау мен табыс ету тәртібін экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгілейді.
9-бөлiм. Мемлекеттік гранттар
35-тарау. Мемлекеттік гранттар туралы жалпы ережелер
156-бап. Осы бөлімде қолданылатын ұғымдар
Осы бөлiмде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік грант - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерiне донорлар беретiн өтемсiз қаржылық немесе техникалық көмек;
2) донорлар - шетел мемлекеттерi, олардың үкiметтерi мен агенттiктерi, халықаралық және шетелдер мемлекеттік ұйымдары, шетелдердiң үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдары мен Қазақстан Республикасының Конституциясына қызметi қайшы келмейтiн қорлар;
3) мемлекеттік грант туралы келісім - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен донорлар арасындағы Қазақстан Республикасының Yкіметіне өтемсiз қаржылық немесе техникалық көмек берудi көздейтiн шарт;
4) өтемсiз техникалық көмек - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерiне донорлардың тауарларды жеткізіп беруi, жұмыстарды орындауы және қызметтерді көрсетуі;
5) өтемсiз қаржылық көмек - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерiне донорлардың тауарларды жеткізудi қаржыландыру, жұмыстарды орындауы және қызметтерді көрсетуі үшін ақша беруі.
157-бап. Мемлекеттік гранттарды сыныптау
Мемлекеттік гранттар берiлу шарты бойынша:
1) байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң грант беретiн донордан одан әрi қарыз алуын немесе мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды көздейтiн гранттар;
2) байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Yкіметінiң грант беретiн донордан одан әрi қарыз алуын немесе мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды көздемейтiн гранттар.
158-бап. Мемлекеттік гранттарды жоспарлау
1. Мемлекеттік гранттарды жоспарлау елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы мақсатында және донорлардың мемлекеттік гранттарды беру саясатын ескере отырып оларды тарту туралы шешiм қабылдау процесi болып табылады.
2. Мемлекеттік гранттарды жоспарлаудың негiзi:
Қазақстан Республикасы әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдiк жоспары;
донорлардың өтемсiз қаржылық және техникалық көмек беру туралы ұсыныстары болып табылады.
3. Мемлекеттік гранттарды жоспарлау мемлекеттік гранттарды тартуға өтiнiмдердi қалыптастыруды, табыс етудi және iрiктеудi қамтиды.
4. Мемлекеттік гранттарды тартуға өтiнiмдердi қалыптастыруды мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламалар, сондай-ақ донорлар жасаған ұсыныстар негізінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік гранттарды тартуға өтiнiмдердi табыс етудi жергiлiктi атқарушы органдардың экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға өтiнiмдерiн ескере отырып, экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен орталық мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік гранттарды тартуға өтiнiмдердi iрiктеудi экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган:
1) мемлекеттік гранттардың тартуға өтiнiмдердiң Қазақстан Республикасының орта мерзiмдiк әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарға сәйкестiгi;
2) мемлекеттік гранттарды тартуға өтiнiмдердiң донорлардың мемлекеттік гранттарды беру саясатына сәйкестiгi негiзiнде жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік гранттарды тартуға iрiктелген өтiнiмдердiң негiзiнде экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен мемлекеттік гранттарды тартуға басым өтiнiмдердiң тiзбесiн қалыптастырады.
36-тарау. Мемлекеттік гранттарды тарту және пайдалану
159-бап. Мемлекеттік гранттарды тарту
1. Мемлекеттік гранттарды тартуға басым өтiнiмдер тiзбесiнiң негiзiнде экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлетті орган донорларға мемлекеттік гранттарды беруге өтiнiмдердi жолдайды.
2. Мемлекеттік гранттарды беруге донорларға өтiнiмдерге жолдама донорлар бекiткен нысан бойынша жүзеге асырылады, оларды толтыруды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган сұранысы негізiнде тиiстi орталық мемлекеттік немесе жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
3. Байланыссыз мемлекеттік гранттарды тартуға донорларға өтiнiмдердi мақұлдау кезiнде экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган тиiстi орталық мемлекеттік немесе жергiлiктi атқарушы органдарды оны беру туралы келісімдi әзiрлеу және келiсу жөніндегі жұмыстарды жүргiзу қажеттiгi туралы хабарландырады.
4. Байланысты мемлекеттік гранттарды тартуға донорларға өтiнiмдердi мақұлдаған жағдайда оны тартудың пайымдылығын тиiстi бюджет комиссиялары айқындайды. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган байланысты мемлекеттік гранттарды тартуға өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастырады және оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға не жергілiктi атқарушы органға тиiстi бюджет комиссияларында қарауға өтiнiмдердi енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшiн жiбередi.
5. Байланысты мемлекеттік грантты беру туралы келісімдi әзiрлеу және келiсу жөніндегі жұмыстарды жүргiзу тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттi бекiткеннен кейiн жүзеге асырылады.
6. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік гранттарды тартуға арналған басым мiндеттердiң тiзбесiне сәйкес мемлекеттік гранттарды тарту туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын табыс етедi.
160-бап. Мемлекеттік гранттарды пайдалану
1. Мемлекеттік гранттарды пайдалануды мемлекеттік мекемелер мемлекеттік гранттар туралы донорлар белгiлеген рәсiмдерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік гранттарды алушылар жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік мекемелер - мемлекеттік грантты алушылар:
мемлекеттік грант туралы келісімде көзделген өзi қабылдаған мiндеттемелердi уақтылы орындауды;
алынған мемлекеттік гранттарды мақсатты және тиiмдi пайдалануды;
мемлекеттік гранттар есебiнен сатып алынған жабдықтар мен материалдарды балансқа қоюды;
мемлекеттік гранттар есебiнен сатып алынған тауарлар импорты кезiнде кедендiк рәсiмдердi уақтылы жүргiзудi қамтамасыз етедi.
3. Мемлекеттік грантты пайдалануды аяқтаған бойда мемлекеттік мекемелер - мемлекеттік гранттарды алушылар экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға донордың уәкiлеттi өкiлi және оның өтiнiмi бойынша мемлекеттік грантты тарту жүзеге асырылған орталық мемлекеттік органның бiрiншi басшысы қол қойған мемлекеттік грантты пайдаланудың аяқтауы туралы түбегейлi есептi жасап, табыс етедi.
37-тарау. Мемлекеттік гранттарды пайдалану мониторингі және оларды
пайдалану тиiмдiлiгiн бағалау
161-бап. Мемлекеттік гранттарды пайдалану мониторингi
1. Мемлекеттік гранттарды пайдалану мониторингi:
1) орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік гранттарды пайдалану барысы және нәтижелерi туралы ақпаратын жинауды және өңдеудi;
2) орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік гранттарды пайдалану барысы және нәтижелерi туралы есептердi экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға табыс етуiн көздейдi.
2. Мемлекеттік гранттарды пайдалану барысы және нәтижелерi туралы есептiлiктер мен ақпараттарды табыс етудiң мерзiмдерi мен нысанын экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлетті орган мониторингі деректерiнiң негiзiнде мемлекеттік гранттарды пайдалану туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне, бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына жыл сайын табыс етедi.
162-бап. Мемлекеттік гранттардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн бағалау
1. Мемлекеттік гранттардың пайдаланылу тиiмділігiн бағалауды экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлетті орган жүзеге асырады және мемлекеттік гранттарды тарту, алынған деректердi талдау мен мемлекеттік гранттарды тарту және тиiмдiлiгін бағалау нәтижелерi мен салдарлары туралы деректердi жинауды көздейдi.
2. Мемлекеттік гранттардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн бағалау мемлекеттік гранттарды тартудың жоспарланған және қол жеткен нәтижелерiн салыстыру, сондай-ақ мемлекеттік гранттарды пайдалану тиiмдiлігіне әсер ететiн сыртқы факторларды бағалау арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік гранттың пайдаланылу төзiмдiлiгiн бағалау оны пайдалану кезеңiнiң аяқталуы бойына, сондай-ақ отты пайдаланудың үшіншi жылының өтуі бойына жүзеге асырылады.
4. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға мемлекеттік гранттардың пайдаланылу тиiмдiлiгін бағалау үшiн деректердi табыс етудi орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік гранттарды тарту жүзеге асырылатын өтiнiм бойынша экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген құрам мен тәртiпте жүзеге асырады.
5. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган орталық мемлекеттік және жергiліктi атқарушы органдардан осы органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша мемлекеттік гранттардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн бағалау үшiн қажеттi ақпаратты табыс етудi сұратуға құқылы.
6. Экономикалық жоспарлау жөнiндегі орталық уәкiлеттi орган табыс етiлген деректердiң негізiнде мемлекеттік гранттардың пайдаланылу тиiмдiлiгін бағалау үшiн ақпаратты қалыптастырады және Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етедi.
10-бөлiм. Бюджеттік кредиттеу
38-тарау. Бюджеттік кредиттеудiң жалпы ережелерi
163-бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негiзгi ережелер
1. Бюджеттік кредит - бюджеттен қайтарымды, мерзiмдi және ақылы негізде бөлiнетiн ақша.
2. Бюджеттік кредиттеу - бюджеттік кредиттi табыс ету туралы шешiм қабылдауды, оны табыс етудi, пайдалануды, қызмет көрсету мен қайтаруды қамтамасыз ететiн процесс.
3. Кредиттiк шарт (келісім) - кредитор мен қарызшының арасындағы бюджеттік кредиттеу кезiнде тараптардың құқықтық қатынастарын белгiлейтiн шарт.
Бюджеттік кредиттер:
орта мерзiмдiк әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарының шеңберiнде бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыруға;
мемлекеттерiнiң сыртқы экономикалық қызметiн iске асыруға;
облыс бюджеттерiнiң, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға жұмсалады.
5. Бюджеттік кредиттер бағыттар бойынша, республикалық және /немесе жергілiктi бюджетте тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларда көзделген сома шегiнде табыс етiледi.
6. Бюджеттік кредиттер заемшылардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және толықтыруға, сенiм бiлдiрiлген (агенттерге) қызметтердi төлеу мен шаруашылық қызметтiң шығындарын жабуға берiлмейдi.
7. Бюджеттік кредиттер заемшының бюджеттік кредиттер жөнiндегі мiндеттемелерiнiң орындалуы қамтамасыз етiлгенде ғана берiледi.
8. Бюджеттік кредиттер бұрын табыс етiлген бюджеттік кредиттер бойынша берешегi жоқ қарызшыларға берiледi.
9. Бюджеттік кредиттер осы Кодекске, Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген Қазақстан Республикасының бюджеттік кредиттiк саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
164-бап. Бюджеттік кредиттеу қағидаттары
Бюджеттік кредиттеу мынадай қағидаттарға:
1) кредит шартына (келісімiне) сәйкес тиiстi бюджетке бюджеттік кредиттi мiндеттi қайтаруды көздейтiн қайтарымдылық қағидатына;
2) заң әдiстерiмен мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi көздейтiн қамтамасыз етiлу қағидатына;
3) бюджеттік кредиттi пайдаланғаны үшiн қарызшыға ақы төлеудi көздейтiн ақылылық қағидатына;
4) бюджеттік кредиттi берудiң мерзiмiн белгiлеудi көздейтiн мерзiмдiлiк қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.
165-бап. Бюджеттік кредиттеу өлшемдерi
Бюджеттік бағдарлама мынадай өлшемдер сақталған кезде бюджеттік кредит беру арқылы iске асырылады:
1) орта мерзiмдiк әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарына сәйкес келу;
2) бюджеттік инвестициялардың мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдығына сәйкес келу;
3) бюджеттік инвестициялар есебiнен iске асырылатын шаралардың өзiн ақтауы;
4) бюджеттік кредиттеу кезеңiнде қарызшының кредиттiк қабiлетi.
166-бап. Бюджеттік кредиттеу субъектiлерi
1. Бюджеттік кредиттеу субъектiлерi кредитор, бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi, қарызшы, соңғы қарызшы, сенiм бiлдiрiлген (агент) болып табылады.
2. Бюджеттік кредиттeу субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi кредиттiк шартта және/немесе осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес тапсырмалық шартта (келісімде) белгiленедi.
167-бап. Кредитор
1. Кредитор - бюджеттік және азаматтық заң актілеріне сәйкес бюджеттік кредит беретiн кредит шартының тарапы.
2. Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезiнде кредитор Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Бюджеттік кредиттеу кезiнде бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан әрекет етедi.
3. Жергілiктi бюджеттен бюджеттік кредиттeу кезiнде кредитор жергiлiктi атқарушы орган болып табылады.
4. Кредитор жасалған кредит шартының (келісімiнiң) талаптарының орындалуы үшiн бюджеттік кредиттiң уақтылы және толық қайтарылуын бақылауды жүзеге асырады, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік кредиттеудi қамтамасыз етедi.
168-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттік кредиттеу кезiнде кредиттік шарттың (келісімнiң) тарапы болып табылады және:
конкурстық негiзде қарызшы банктердi және сенiмгер (агенттердi) айқындауды;
бюджеттік кредиттердi мақсатты және тиiмдi пайдалану өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн бақылау мен мониторингтi жүзеге асырады.
169-бап. Бюджеттік кредиттер қарызшылары
1. Қарызшы - бюджеттік кредиттi алушы, негiзгi қарызды өтеу және сыйақы, сондай-ақ кредит шарттарына (келісімдерiне) сәйкес басқа да төлемдердi төлеу жөніндегі мiндеттемелердi алатын кредит шартының тарапы. 2. Бюджеттік кредит қарызшылары:
жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары;
қарызшы банктер - Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi және Қазақстан Республикасының банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, оның iшiнде қаржылық даму ұйымдары.
жергiлiктi атқарушы органдар;
шетел мемлекеттерi болуы мүмкiн.
170-бап. Бюджеттік кредиттердiң соңғы қарызшылары
1. Соңғы қарызшы кредитор белгiлеген шарттарда қарызшы банк өзiне берген бюджет кредитiн соңғы алушы.
2. Бюджеттік кредиттердiң соңғы қарызшылары Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
3. Соңғы қарызшыларды iрiктеудi және кредиттеудi бюджеттік бағдарламаны тағайындауға, сондай-ақ өздерiнiң кредиттiк саясатына сәйкес қарызшы банктер жүзеге асырады.
171-бап. Бюджеттік кредиттеу кезіндегі сенiм бiлдiрiлген (агенттер)
1. Сенім бiлдiрiлген (агент) - кредитордың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан, соның есебiнен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредиттеумен байланысты белгiлi бiр тапсырмаларды жасайтын тапсырма шартының тарапы.
2. Бюджеттік кредиттеу кезіндегі сенiм бiлдiрiлген (агент):
қарызшы жеке тұлғаларды анықтау және олармен кредиттiк шарттар (келісімдер) жасасу;
бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету;
қарызшылармен есеп айырысуды жүргiзу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берешектердi өндiрiп алу жөніндегі тапсырмаларды орындауы мүмкiн.
3. Екiншi деңгейдегi банк, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым, оның iшiнде қаржылық даму ұйымы бюджеттік кредиттеу кезiнде сенiм бiлдiрiлген (агент) болып табылады.
4. Сенім бiлдiрiлген (агенттi) бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкiлеттi орган немесе бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес белгiлейдi.
5. Сенім бiлдiрiлген (агентке) тапсырмаларды орындағаны үшiн сыйақы төлеудi тиiстi бюджеттердiң қаражаты есебiнен кредитор (сенiм бiлдiрушi) жүзеге асырады.
Сенім бiлдiрiлген (агенттің) тапсырмаларды орындағанына сыйақы төлеу мөлшерi тапсырма шарттарында белгiленедi.
39-тарау. Бюджеттік кредиттеу шарттары
172-бап. Бюджеттік кредиттердiң негiзгi шарттары
1. Кредиттiк шарттар (келісімде) мiндеттi түрде бюджеттік кредиттiң мынадай негiзгi шарттары:
бюджеттік кредит беру мақсаты кредит сомасы;
кредит валютасы;
бюджеттік кредит мерзiмi;
бюджеттік кредиттi игеру кезеңi;
кредитті пайдаланғаны үшiн сыйақы ставкасы көрсетiлуi тиiс.
2. Бюджеттік кредиттiң негiзгi шарттары мен қарызшылардың санаты кредитордың шешiмiмен белгiленедi.
3. Кредиттiк шартқа (келісімге) қосымша, оның iшiнде бюджет кредитiн беру әдiстерiн, бюджет кредитiн өтеу және оған қызмет көрсету кестелерiн, бюджет кредитi бойынша мiндеттемелердiң атқарылуын қамтамасыз ету әдiстерiн айқындайтын шарттар енгiзiледi.
173-бап. Бюджеттік кредит мерзiмi
1. Бюджеттік кредит мерзiмi - уақыттың белгiлi бiр мерзiмi, оның iшiнде қарызшы бюджеттік кредит алып, пайдаланады, бюджеттік кредитке қызмет көрсетудi және оны қайтаруды жүзеге асырады.
2. Бюджеттік кредиттiң мерзiмi бюджеттік кредиттiң қаражатын кредитордың шотынан аударған кезден бастап есептеледi.
3. Берiлу мерзiмiне байланысты бюджеттік кредиттер мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) қысқа мерзiмдi - қоса алғанда бiр жылға дейiн;
2) орта мерзiмдi - бiр жылдан қоса алғанда бес жылға дейiн;
3) ұзақ мерзiмдi - бес жылдан отыз жылға дейiн.
174-бап. Бюджеттік кредиттi игеру кезеңi
1. Бюджеттік кредиттi игеру кезеңi - қарызшы бюджеттік кредит беру мақсаттарына сәйкес шараларды iске асыру үшiн бюджет кредитiн пайдалана алатын белгiлi бiр уақыт кезеңi.
2. Бюджеттік кредиттiң пайдаланылмаған бөлiп игеру кезеңi аяқталған күннен бастап үш күн iшiнде тиiстi бюджетке қайтарылуға тиiс.
175-бап. Бюджеттік кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету әдiстерi
1. Бюджеттік кредит бойынша мiндеттемелердің орындалуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген кепiлдiктермен және басқа әдiстермен қамтамасыз етедi.
2. Бюджеттік кредиттi қайтаруды қамтамасыз етудiң құны сыйақыны ескергендегi бюджеттік кредит сомасынан кем болмауға тиiс.
3. Бюджеттік кредиттi қайтаруды қамтамасыз етудi бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттік кредит бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi бағалау жөніндегі қызметтерге ақы төлеудi қарызшы жүргiзедi.
176-бап. Сыйақы ставкасы
1. Сыйақы - қарызшы бюджеттік кредиттi пайдаланғаны үшiн жүзеге асыратын ақы.
2. Сыйақы ставкасы - жылдық проценттерден көрiнетiн ақы шамасы.
3. Сыйақы ставкасы тiркелген немесе құбылмалы болуы мүмкiн.
Тiркелген сыйақы ставкасы - сыйақы ставкасы, оның шамасы кредиттiң бүкiл кезеңiне өзгерiссiз белгiленедi.
Құбылмалы сыйақы ставкасы - капитал рыноктарындағы жағдаятқа байланысты өзгерiп тұратын сыйақы ставкасы.
4. Сыйақы ставкасы бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген мемлекеттік бағалы қағаздардың тиiстi түрлерi бойынша табыстылықтың орташа безбенделген ставкасынан кем емес мөлшерде белгiленедi.
Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгілеген тиiстi мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табыстылықтың орташа безбенделген ставкасын айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейдi.
177-бап. Бюджеттік кредит беру әдiсi
Бюджеттік кредит:
қарызшының төлем құжаттарын төлеу;
бiр мерзiмде не аудару кестесiне сәйкес бөлiктер бойынша немесе қарызшының тиiстi құжаттар беруiмен қарызшының банк шотына аудару арқылы берiледi.
178-бап. Бюджеттік кредиттi өтеу және оған қызмет көрсету кестесi
1. Бюджеттік кредиттi өтеу және оған қызмет көрсету кестесi бюджеттік кредиттi өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі төлемдердiң мерзiмдерiн, кезеңдiлiгін белгiлейдi.
2. Кредиттiк шартта (келісімде) жеңiлдiк кезеңiн беру көзделуi мүмкiн.
Жеңiлдiк кезеңi - бюджеттік кредит мерзiмiнiң құрамына кiретiн, заемшы кредиттi қайтаруды және/немесе сыйақы төлеудi жүзеге асырмайтын белгiлi бiр уақыт кезеңi.
40-тарау. Бюджеттік кредиттеу рәсiмдерi
179-бап. Бюджеттік кредит беру туралы шешiм қабылдау
Бюджеттік кредит беру туралы шешiм қабылдау:
1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мемлекеттік, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламалар шараларын бюджеттік кредиттеудiң, әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдiк жоспары мен орта мерзiмдi фискалдық саясаттың орындылығын айқындауды;
2) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік кредиттеу, бюджеттік кредиттеудiң өлшемдерi арқылы iске асыруға көзделетiн бюджеттік бағдарламаларға сәйкес келуi нысанасында бюджеттік өтінiмдерiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның қарауын;
бюджеттік өтiнiмдi және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органның қорытындыларын бюджет комиссиясы қарауын;
бюджет комиссиясының оң шешiмi кезiнде тиiстi қаржы жылына арналған бюджет жобасына бюджеттік бағдарламаларды енгізудi қамтиды.
180-бап. Бюджеттік кредит беру рәсiмi
1. Бюджеттік кредит беру рәсiмi мынадай кезеңдердi:
бюджеттік кредиттiң негiзгі шарттарын белгiлеудi;
қарызшыны белгiлеудi;
кредиттiк шарттар (келісімдер) мен олармен байланысты шарттар жасауын;
қарызшыға бюджеттік кредит берудi қамтиды.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi кезектi қаржы жылына арналған тиiстi бюджеттер бекітілгеннен кейiн бюджеттік кредиттердiң негiзгi шарттары туралы кредитор шешiмдерiнiң жобаларын бекітуге енгiзедi.
3. Қарызшылар:
1) жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджеттік кредиттеу кезiнде тапсырма шартына сәйкес сенiм бiлдiрiлген (агенттер);
2) қарызшы банктердiң бюджеттік кредиттеуi кезiнде конкурс нәтижесi бойынша бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi болып белгiленедi.
Қарызшы банктердi iрiктеу тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi;
3) бюджеттік кредиттеу кезiнде осы Кодекске сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар;
4) бюджеттік кредиттеу кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарына сәйкес шетел мемлекеттерi.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары заң актілерімен белгiленген жағдайларда бюджеттік кредиттер алады.